Ұйқының сырлары

/upd/2015/0824/144041418755daf9eb4cad58.29715055.jpg

    Ұйқы – өміріміздегі барлық нәрсені ретке келтіретін, жөндейтін және емдейтін ең маңызды процесстердің бірі болып табылады. Бірнеше апта ұйқысыз жүрудің өзі өлімге алып баратынын жануарларға жасалған тәжірибелерден білуге болады.
Алтын кеңестер
1. Күніне 6-7 сағаттан артық ұйықтамау керек.
2. Түскі 11.00-1.30 арасында 20-30 минуттай уақыт ұйықтап алу өте пайдалы.
3. Түнде 23.00 – 5.30 арасында (1 сағат кешіктіруге болады) міндетті түрде ұйықтау керек. Ұйқы үшін ең сапалы уақыт – осы уақыт болып табылады.
4.Таңертең ерте тұрып, түске дейін ұйықтамау керек.
5. Ешқашан тоқ күйінде ұйықтамау керек. Тамақты ұйқыдан кемінде 3 сағат бұрын жеу керек.
6. Кеш батып бара жатқанда ұйықтамау керек
Ұйықтамаған кезде
Кейде күніне 8-10 сағат ұйықтауымыз мүмкін. Бірақ бұл ұйқымыз да ешбір іске жарамауы мүмкін. Себебі, ұйқысыздықтың зияны біз ойлағаннан да күрделі. Сондықтан көп жағдайда мазасыздықтың себебі ұйқысыздықтан болатынын біле бермейміз.
Миымыз да тынығады ма?
Ұйқыны мидың тынығатын уақыты деп білмеу керек. Керісінше ұйқы – мидың, дененің тынығу және жөндеу жұмыстарымен айналысатын уақыты болып табылады. Мидағы електр толқынының талдауына сай, ұйқы кезінде сана-сезімнің атқаратын жұмысы ояу кездегі күйден де аз қызмет атқармайтыны анықталған. Арасындағы жалғыз айырмашылық – күндіз бен түнде жасалатын жұмыстардың әр түрлі болуында.
Ұйқысыздық мәселесі
Ұйқысыздық мәселесі аз ұйықтағаннан емес, уақытында ұйықтамағаннан, тіпті шамадан тыс көп ұйықтағаннан да туындайды. Қазіргі таңда көптеген мемлекет қайраткерлері міндетті түрде түсте ұйықтауға мән беруде. АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон кабинетіндегі креслосын арқасына қарай шалқайтып, үстіне жамылғы жауып ұйықтап алатын болған. Қиыр Шығыстың шапшаң дамыған ірі компанияларының қызметшілері міндетті түрде түсте ұйықтауға тырысады және осылайша жетістіктің шыңынан көрінуде. Бір таңқаларлық жағдай – түскі ұйқының өте пайдалы екендігін 14 ғасыр бұрын сүйікті пайғамбарымыз үмбетіне айтып кеткен.