Таңқалдыратын алып-ағаштар

      Балалар, сендер бұрын-соңды алып-ағаштарды көрдіңдер ме? Егер көрмеген болсаңдар, бүгін сендер де Сингапурдағы Gardens by the Bay салтанатты бағын және адам қолымен жасалған қайталанбас туынды – өте үлкен ағаштарды тамашалауға мүмкіндіктерің бар. Ол ағаштардың биіктігі 25-тен 50 метрге дейін жетеді. Миллиондаған түрлі-түсті жарықтармен әсемделген, алып болат ағаштар жақын уақыттан бері Сингапурдағы Марина шығанағының басты әшекейіне айналды. Ол жерде екі жылыжайы бар бірегей кешен ашылды. Онда барлық континенттерден 220 000 өсімдік жиналған. Gardens by the Bay ауданы 60 гектарға жуық территорияны алып жатыр. Және ол жергілікті биліктің Сингапурды нағыз гүлстан-қалаға айналдырудағы тағы да бір жоспарының іске асуы.

/upd/2015/0105/142045834854aa796c2919e0.05472491.jpg

        2005 жылдың өзінде билік қаланың экологиясын жақсарту үшін бақшалар салу туралы айта бастаған. Ал, 2006 жылда сәулет жоспарын әзірлеу бойынша халықаралық конкурс жарияланды. Әлемнің 24 елінің 170 компаниясы болашақ бақты жобалау бәйгесіне қатысты және бүгінде планетаның әр бұрышынан адамдар келіп, оның пейзажын тамашалап жүр. Мұндай әсемдік жергілікті билік үшін 800 млн долларға түсті. Мәңгі жасыл жылыжайлар мен 18 алып-ағаштар Gardens by the Bay жағалау бақтарының визиттік картасы. Олардың әрқайсысы тік келген саябақ. Онда демалуға, мейрамханаға баруға және өсімдіктердің жасыл дариясының арасында жәй серуендеуге болады. Flower Dome жылыжайын Сингапурдың шыжыған күнінен 3 300 әйнек панельдер қорғап тұр. Бұл жерде үнемі субтропикалық климат ұсталуда. Ауданы 0,8 гектар Cloud Forest екінші жылыжайы – бұл шыны күмбездің астындағы бай тропикалық орман. Мұнда экваториялық тау климаты модельденеді. Сондықтан алуан түрлі экзотикалық өсімдіктердің арасында серуендеп жүріп, өзіңді теңіз деңгейінен 3500 м биіктікте сезінуге болады. Үлкен жылыжайдың ортасында 35-метрлі сарқырама орналасқан. Оның арқасында жылыжайда қажетті ылғал ұсталып тұрады және әртүрлі температуралық зоналар жасалады.

/upd/2015/0105/142045842354aa79b7171cd9.79924392.jpg

        Өте әдемі алып-ағаштар өсімдіктерді отырғызуға арналған бетон мен темір панельдерден жасалған. Қазір бұл жерде бүкіл әлемнен әкелінген 163 000 жас көшеттердің 200 түрі өсуде. Ағаштарда өсімдіктердің тек қандай түрі жоқ! Тропикалық жорғалаушы өсімдіктер, орхидеялар, сирек қырыққұлақтар – және айналада бәрі алуан түрлі түрлі-түсті иллюминациялар арасында батуда. 22 метр биіктікте екі алып-ағаш бір-бірімен 128-метрлі көпірмен қосылған. Мұндай биіктіктен не деген әдемі көріністер ашылады. Он бір алып-ағаш  күні бойы қуат жинайтын арнайы күн батареяларымен жабдықталған. Кешке бұл қуатты өсімдіктерді жарықтандыру үшін қолданады. Алып-ағаштардың маңында Сингапурдың тағы бір көрікті жері орналасқан.  Ол шатырында бассейні бар Marina Bay Sands қонақүйі.

/upd/2015/0105/142045851554aa7a13bf03c0.75279790.jpg        
/upd/2015/0105/142045854554aa7a31c363b5.00730140.jpg        
/upd/2015/0105/142045865854aa7aa2070288.83157376.jpg       
/upd/2015/0105/142045869154aa7ac37b8db5.92136184.jpg
/upd/2015/0105/142045887454aa7b7aa2fc83.15030704.jpg

/upd/2015/0105/142045890754aa7b9b6f68e2.83092432.jpg