Өзге елдерде каникул қанша уақытқа созылады?

/upd/2015/0625/1435228539558bd97be0f8c3.41642925.jpg        Оқушылар көптен күткен жазғы каникул да басталды. Енді асыр салып ойнап, арасында ата-анамызға қолғабыс етіп, жақсылап демалуымызға болады. Елімізде жазғы каникул 3 айға созылады. Ал өзге мемлекеттерде ше? Еуропада жазғы каникул шілде-тамыз айларында ғана болады. Яғни небары 2 айға созылады. Германиядағы демалыс «ұзақ болғанша, жиі болсын» принципіне негізделген. Мысалы, Германияның жазғы каникулдары небары 6 аптаға созылады. Мұнымен қатар, жаңа жылдық, қысқы, басқа да мейрамдық каникулдар бар. Испандық оқушыларда Жаңа жылдық, Қасиетті апта, жазғы демалыс және өзге де ұлттық мерекелер кезіндегі демалыс бар. Бір сөзбен айтқанда оқушылар бір жыл ішінде айтарлықтай көп демалады. Жапонияда жазғы демалыс 40 күнге созылады. Ережеге сәйкес, 20 шілдеден басталып, 31 тамызға дейін созылды. Қысқы демалыс 10 күн бойы өтеді. Көктемгі демалыс та 10 күнге созылады.

Жолдаған: Бағдатова Шұғыла 8 жас
Ақтөбе облысы,Темір ауданы, Алтықарасу ауылы