Екі достың арманы

/upd/2015/0828/144074384655e001a63b10c0.04829087.jpg

   Баяғыда, бір қыз болыпты. Оның аты Шынар еді. Жасы 10-да. Ол өте ақылды, сұлу, әдепті қыз болған екен. Оның арманы әйгілі әнші болу. Ол басқа қалаға көшіп келді. Бүгін мектепке баратын алғашқы күні екен, ол жерде ешкімді танымайды. Сыныпқа кірді. Мұғалім:
- Балалар танысып қойыңдар бұл Шынар деген қыз. Енді осы мектепте оқиды,-деді Мұғалім. Балалар:
- Сәлем Шынар, сәлем Шынар деп жәй дауыстарымен амандасады. Шынар отырады. Сабақ басталды.
  Қоңырау соқты. Шынардың қасына бір қыз келді.
- Сәлем, менің атым Мөлдір, жасым 10-да. Танысып қояйық. Екеуі танысып, біраз әңгімелесіп жүргенде қоңырау соқты. Келесі сабақ ана тілі.
  Қоңырау соқты. Шынар Мөлдірдің партасына жүгіріп келді де, екеуіміз үйге қайтсақ қалай қарайсың? Мөлдір:
- Әрине, ал сен қайда тұрасың? Шынар:
- Шынар сыныптағы пердені ашып, мен анау үйлердің артында тұрамын деп көрсетіп жатқанда, мен де сол жерде тұрамын, -деді Мөлдір. Онда кеттік деді Шынар. Екеуі жиналып шығып кетті. Жолда келе жатып, Мөлдір:
- Білесің бе Шынар? Мен қатты әнші болғым келеді, әйгілі әнші болып танымал болғым келеді.
- Мен де әнші болғым келеді, мүмкін біз өскенде танымал, әйгілі, екеуміз қосылып дуэт болсақ ше!? Күшті болатын еді, -деді Шынар.
- Ия дұрыс айтасың шынымен солай болуыда мумкін, екеуміздің армандарымыз бірдей деп екеуі күлді де әңгімелесіп кете берді. Үйлеріне жақындап қалды, жарайды сау бол Мөлдір, -деді Шынар.
- Сау бол Шынар. Үйіне кіріп ата-анасын құшақтап алды. Шынар:
- Мама, әке мен сол мектепте оқимын, ол күшті мектеп, маған ұнады, -деп қуанып жатыр Шынар. Мамасы:
- Қызым біреумен таныстың ба? -деді анасы.
- Ия бір қызбен таныстым, ол сондай жақсы кыз, аты Мөлдір, -деп Шынар тамақ ішіп, сабағын оқып, мамасына үйді жинауға көмектесіп жіберді. Ыдысты жуып, еденді сүртіп қойды. Өзінің бөлмесіне келді де Мөлдірге хабарласты.
- Алло,Мөлдір? Бұл мен Шынар.
- Алло? О, Шынар хабарласқаның жақсы болды! Айта бер, -деді Мөлдір.
- Ертең жексенбі ғой, қыдырып келсек қайтеді?
- Ал қай жерге барамыз?
- Киноға барайық, екі дос деген кино шыққанын білесің бе?
- Ия білемін. Қазір мамамнан сұрап келейін!
- Жарайды.
- Алақай рұқсат берді!!!
- Күшті, -деді Шынар. Кун батып, кеш болды. Шынар тісін, беті қолын жуып жатуға дайындалып жатыр, ертеңге киімін дайындап, үтіктеп кояды. Жатады.
   Күн шығады. Мөлдір де тұрды, екеуі хабарласып қашан шығатындарын ақылдасып қояды. Сағат 2-де шығатын болыпты. 12 болды Шынар мен Мөлдір киімдерін киіп, шаштарын тарап, аяқ киімін киіп жатыр. Екеуі үйлерінен шықты. Кездесті, бір-бірін құшақтап қуанып жатыр. Автобусқа отырды.
Жетіп қалды, шығып кинотеатрға кіріп, попкорн алып кинога кірді. Кино басталды. Кино тура екеуіне арналған сияқты.
   8 жыл өтті. Олар әйгілі әнші, актриса және жақсы дос болып қала берді.

Жолдаған: Саида Мейрамова
Астана қаласы