Жүзім - өте пайдалы жеміс

     /upd/2015/0924/14430361855602fc19e8fc61.45447651.png  Жүзім өсіру біздің заманымызға дейінгі 5 мың жылдықта басталған. Көп өсірілетін аймағы негізінен – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі.
    Піскен жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан болса да басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су кездеседі. 100 грамында 60 калория бар. Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы.
     Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол – сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәруменінің белсенділігін арттырады.
     Жүзім қасиетінің Құранда айтылуы да тегін болмаса керек. Неге десеңіз, қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір мен бүйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий онда өте көп кездеседі. Жүзім өте пайдалы жеміс.

Жолдаған: Рысбек Гүлназ 8 жас
Қарағанды қаласы