Бала үнсіз қалғанда не бүлдіреді?

/upd/2015/1006/14441305725613af0c91c8e2.88176423.pngЕнді бұл сұраққа жауап:
1. Үйдің қабырғасын шимайлап жатыр.
2. Белгілі бір затты (қағаз, құжат т.б.) жеп отыр. 
3. Кіші дәрет немесе үлкен дәретті алуда.
4. Ұн немесе қант, сұлы және т.б. шашып тастады.
5.Сіздің телефоныңыздан бір кез келген адамға қоңырау шалып, кез келген адамға бос хабар жіберуде.
6. Косметиканы қолға алып, бетіне тоқтаусыз жағуда.
7. Ыдысты немесе басқа затты сындырып жатыр.
8. Сұйық затты төгіп, сіздің киіміңізбен сүртіп жатыр.
9. Жерде ұйықтап жатыр. Ал үй астан кестен!
10. Кір жуғыш машинаға кіріп кетті! 
Бұны 3 жасқа дейінгі балалар жасайды. Сондықтан балалар, бауырларын немесе қарындастарыңыз 3 жастан аспаса, міндетті түрде арасында тексеріп отырыңдар, қараусыз қалдырмаңдар! Үлкендерге де жазып отырмын! Оқығаныңыз үшін рақмет! Айтпақшы, кішкентай балақайларымыз не істеп жатыр екен?!

Жолдаған: Рысбек Ділнәз 11 жас 
Қарағанды қаласы