Қарда жүргіш

/upd/2014/0306/139409984753184687c98688.98579285.jpg      Әлемдегі ең бірінші қарда жүргішті ойлап тапқан Жозеф-Арман Бомбардье Канаданың Валькур  қыстағында 1907 жылы дүниеге келген. Ол бала күнінен қолымен бір нәрсе жасауды, құрастыруды жақсы көрген. Жақындары оның бойынан ерекше инженерлік қабілетін байқаған. Жозеф-Арман Бомбардье 13 жасында өзінің ең алғашқы механикалық ойыншығы – паровозды құрастырды және оның қозғалтқышы ретінде үстел сағатының механизмін пайдаланды. Жасөспірім кезіңде, оған қалың қарда жүретін машина құрастыру туралы ой келді. Канадада қар көп жауады және қыста жолдар қар астында қалады.
   15 жасында ол өзінің ең алғашқы «механикалық шанасын» – қарда жүргішті құрастырды. Бір-бірінің артына бекітілген шаналарда ескі «Форд» көлігінің қозғалтқышы орнатылды, ал оған ұшақтың үлкен пропеллері (әуе винті) бекітілді. Сосын, көп жылдар бойы Жозеф жылдам әрі жеңіл машинаны жасап шығаруға тырысты. Ол қарда жүргіштің өнеркәсіптік түрлерін және қазір қысқы демалысты жақсы көретіндер отыратын бір орынды түрінде ойлап тапты.