Жарық қоңызы

       Негізінде бұл қоңыздың шығаратын жарығы жарықпен де, ыстықпенде еш қатысы жоқ. Ғылыми тұрғыдан алғанда “суық жарық” деп аталады. Бұл жарықтың құбылысы – молекулалық деңгейдегі химиялық процесс болып табылады. Кейбір молекулалар ыдырған соң, көптеген энергия бөліну нәтижесінде,  жарық қоңыздары бұларды жарыққа айналдыра алады. Жарық қоңызының құрсағында орналасқан жарық мүшесінің бездерінен жарық шығару үшін ең басты қызмет атқаратын екі негізгі химиялық зат бөлінеді. Алайда, толық жарық беру үшін бұлар жеткіліксіз болғандықтан, бүйіріне жақын орналасқан тыныс алу мүшесінің жарық беру қарсаңында оттегімен қамтамасыз етуі қажет болып табылады. Осындай химиялық процесстен кейін жарық пайда болады.