Биші болу – арманым

/upd/2016/0423/1461398505571b2be98324b2.45425618.jpg

Би – қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін ұлттық өнер. Қазақ билері халық өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен және еліміздің әсем табиғатына да байласнысты құрылады. Мысалы: «Қамажай», «Қара жорға», «Айжан қыз», «Былқылдақ» сияқты ұлттық билеріміз бар. Менің биге икемімді көрген анам мені төрт жасымда қаламыздағы «Балалар өнер мектебінің» би үйірмесіне берген болатын. Сол кезден бастап-ақ менің өнерге деген көзқарасым, қызығушылығым өзгеше болды. Осылайша биші болу менің арманыма айналды. Қазіргі кезде мен «Балалар өнер мектебінің» 3-сынып оқушысымын. Маған би өнерінің қыр-сырын үйретіп жүрген жетекшім - Тажиметов Төлебай Малағаждарұлы. Менің би өнеріне қызығушылығымды оятқан әрине «Қазақ биі». Жетекшіміз бізге биді үйретіп қана қоймай, сонымен қатар бидің шығу тарихын, бидің заңдылықтарын, би қимылдарының атауларын үйретеді. Мен 2013 жылы балалар өнер мектебінің «Жас дәурен» би тобына қабылдандым. Содан бері түрлі облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленіп жүрміз. Біз байқаулардан ерекше әсерде ораламыз. Әсіресе қазақ өнерінің оның ішінде би өнерінің сұлулығына, тереңдігіне көз жеткіземіз. Мысалы, біздің би тобымыздың билеп жүрген «Құлыншақ» биінде «Қос мүйіз», «Жалын», «Қайнар бұлақ», «Аққу», «Сырға ойнату» атты қимыл түрлері кездеседі. Жоғарыда келтірілген мысалдан-ақ қазақ биінің тереңдігін түсінуге болады. Мен болашақта қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Шара Жиенқұлова апамыз сияқты биші болғым келеді.

Ата-анам қуанып,

Тамашалар кештерде,

Талшыбықтай бұралып,

Биші болам өскенде...

Айдарбек Балнұр Бақытжанқызы 9 жас
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицейдің 4 «ҚА» 1 сынып оқушысы
ОҚО, Шымкент қаласы
Сынып жетекшісі Белкешова Мая Бейсенбекқызы