Тәуелсіздікке арнау

Жиырма бес жылдық тәуелсіздік еліміздің тірегі,
"Тәуелсіздік"деп соғады бар қазақтың жүрегі.

Төлеуғазы Ағлен 12 жас
Ақтөбе облысы

***

Тəуелсіздік – байлығым

Тəуелсіздігіміздің 25жылдық мерей тойына санаулы кундер қалды. Ел Тəуелсіздігін бізге үлкен ерлікпен əкелген аға - əпкелерімізді біз еш уақытта ұмытпаймыз. Біз сол кісілердің арқасында еркін елде алаңсыз өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі таңда Қазақ Елін бүкіл ел таниды, құрметтейді. Мен өз еліммен мақтанамын. Өйткені біздің Мемлекеттік Елтаңбамыз, Туымыз жəне сүйсініп айтар Əнұранымыз, төл теңгеміз бар. Алдағы уақытта EXPO -2017 халықаралық көрмесі қазақ елінің мəртебесін барлық елдің арасында биіктетеді деген үміттеміз. Біз Əнұранымыз шырқалған, Туымыз көк аспанда желбіреген тəуелсіз қазақ елінде бақытты ғұмыр кешудеміз. Алдағы уақытта Еліміздің тыныштығы, көк туымыздың мəңгі биікте желбіреуі үшін мен де өз үлесімді қосамын.

Асылбек Əділет 7 жас
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу мектеп-балабақшасы

***
Көк аспанда ұлы күн,
Самға мәңгі адал ту.
Тәуелсіздік күні бүгінгі,
Құтты болсын бәріне!

Еркін Айсана 9 жас

***
25 жыл міне, толып отыр,
Егеменді еліме.
Өрт салмасын бөтен елдер
Атамекен жеріме.
Аңсап күткен бұл тойымыз
Құтты болсын бәріңізге
 Ұзақ ғұмыр, бірлік, табыс
Тілеймін жас - кәріңізге.

Айтикенова Айдана 11 жас
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы

***
Қазакпын еңселі
Елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге
Керегімді қазағым біледі,
Бостандығым тәтті үмітім.

Сыздықова Толғанай 9 жас
Арқалық

***

Тәуелсіздік мерекесі

16 желтоқсан мерекесі - Еліміздің тәуелсіздік алған кезі. Қазақстан туы көкке ұшты, 25 жыл өтті содан бері. Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі! Қазір нағыз қуаныштың келді кезі. Халқымыз аман-есен тыныш болып, Мықты болсын еліміздің керегесі!

Майбасова Ляззат Боранкуловна
Жарық кенті

*** 
16 Желтоқсан жақындап келе жатыр ол бізге, Қазақстан жеріне үлкен той,үлкен мереке. Әрбір отбасы осы мерекені атап өтеді. 16 Желтоқсан күні көшелерде осыған байланысты іс-шаралар өткізіледі.Менің Қазақстаным жасай берсін!

Алтынай Жеңіс 10 жас
Ақтөбе

*** 

Тәуелсіз қазақ елінің болашағын бірге қалаймыз!

Тәуелсіз қазақ елінің болашағын бірге қалаймыз! Тәуелсіздік – қандай керемет сөз десеңші! Осы сөзді естігенде ең алдымен көзіме көгілдір аспанда қос қанатың көкке жайып ұшқан тәуелсіз қыран елестейді. Менің бала көңіліме дүние жүзіндегі ең бақытты тіршілік иесі осы қыран секілді сезіледі. Сол қырандай мен де, Қазақстан деп аталатын тәуелсіз мемлекеттің бақытты ұланымын! Мен тәуелсіздігімді мақтан етемін. Тәуелсіздік жолында құрбан болған аға апаларымызға басымды иемін. Біздер тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізбегенімізді білемін. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарды ақтау үшін көп еңбек еткен жазушы ағамыз: Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан тағылымы» поэмасын оқымаған қазақ кемде-кем шығар. Осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналды.Сол кезден қазіргі кезге дейін тәуелсіздік, дамып өркендеген мемлекетпіз. Тәуелсіз Қазақстанның болашағын бірге қалайық. Ол үшін оқуымызды жаксы оқып, алдымызға үлкен мақсаттар қойып сол арман тілектерімізге жетуге талпынуымыз қажет. Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік.

Алиева Гүлнұр

Орал қаласы, Шыңғырлау ауданы