Сұлтан Осман Ғази

Әкесі оғыздардың Бозоқ, оның ішіндегі Қайы руынан шыққан Ертуғрыл 
Ғази, анасы Хайма ханым. 1258 жылы Согут қаласында туылды. 23 жасында руының билеушісі болды. 1326 жылға дейін Осман дәулетін басқарды. Ер жүректігі үшін және мәрттігі, ақ көңілділігі және ерекше қасиеттері үшін ру, қауым және мемлекет басқара алатын көш басшы бола алатын қасиеттерімен танылып оған осы міндет жүктелді. Атпен шабуда және кез келген қарумен атуда өте жетік еді. Өте жомарт болатын. Мемлекет істерін мұқият жоспарлап ешнәрсені мүлт жібермейтін еді. Бұл оның үнемі жетістікке жетуіне себеп болды. Осман хан жақсы басқаруы, көрегендігі, байсалдылығымен, қабілеттілігі, қарсыластарына да өзін ұнаттыра алуы, сабырлығы және шыдамдылығымен жан-жағындағы руларды да өзіне қосып алып отырды. Сол кезеңдегі маңызды деректер: 1281ж. Әкесі қайтыс болып орнына ру билігін қолына алды.
1284ж. Селчук руының Сұлтаны Алаеддин Кайкубат Осман Ғазиге Согут жерінің шекара билігін бергенін білдіретін жарлық шығарды. Орхан Ғазидің туылуы.
1285ж. Осман Ғазидің алғашқы жеңісі, Кулужа-Хисари қалаларының алынуы.
1286ж. Инегол және Каража-хисар христиандарының одақтасуы.
1288ж. Каражахисар жеңісі.
1289ж. Алаеддин Кайкубаттың Ескишехир және Инону аймақтарын Осман Ғазиге беруі.
1292ж. Осман Ғазидің Солтүстік Сакарияға жорығы.
1298ж. Билежик, Ярхисар және Инегол қалаларының алынуы, Тұтқынға алынған Нилуфер Ханшаның Орхан Ғазиге жұбайылыққа берілуі.
1299ж. Селчук патшалығының соңы, Осман Ғазидің тәуелсіз билігінің бастауы, Осман дәулетінің тарих сахнасына шығуы.
1300ж. Йондхисар және Енишехир қорғандарының алынуы. Енишехир мемлекет орталығы етіп қойылуы.
1301ж. Койунхисар жеңісі. Кирмасти, Михалич және Улуабадтың алынуы.
1302ж. Копрухисар жеңісі.
1303ж. Изникті қоршауға алуы. Мармаражык қорғанының жеңісі.
1306ж. Динбоз жеңісі. Кестел, Кете және Улуабад қалаларының алынуы.
1307ж. Изник қоршауы және Ялова жорығы.
1308ж. Имралы аралының алынуы, Мармара теңізіне шығуы.
1313 ж. Харманкая христиан билеушісі қөсе Михаилдің Осман Ғазиге бағынып, қол астына өтуі. Ақхисар, Гейве, Күплүше, Лефке, Хисаршық, Текфурпынары, Ениқала, Қарагөз және Янықчахисар қала-қорғандарының алынуы.
1314 ж. Бурса жорығының бастауы.
1316 ж. Шахзада Сулейманның туылуы.
1317 ж. Қаратекин, Ебесуы, Қарашабес, Тузбазары, Қапушық және Керестеші қала-қорғандарының алынуы.
1320 ж. Ұлы Орхан Ғазиді орнына уәкілі етіп тағайындауы.
1321 ж. Муданияның алынуы. Гемлік жорығы. Тракия (европа) аймағына Осман дәулетінің алғашқы жорығы.
1323 ж. Ақязы жеңісі.
1324 ж. Қарамурсел жеңісі.
1325 ж. Орханелинің алынуы. Болу, Қандыра, Ерменибазары және Девехисары қала-қорғандарының алынуы.
1326 ж. Осман Ғазидің қайтыс болуы. Орнына Орхан Ғазидің тағайындалуы.