Перғауынның денесі

     /upd/2015/1130/1448879372565c250cec8ae5.80147504.jpgМысыр перғауындарының бірінің шірімеген денесі Лондондағы Бритиш Музейіне қойылған. 3000 жыл бұрын өлген бұл перғауынның денесі мумияланған емес. Әлемге ғибрат болу үшін мумиясыз күйде сақталған. Ғибрат беруші құжат ретінде денесі мүлдем бұзылмаған, еттері шірімеген және қылдары да төгілмеген күйде және сәжде еткен түрде табылған. Өйткені перғауын өлерінде сәждеге жығылған еді. Құран кәрімде былай бұйырады:
      “Исраил ұлдарын теңізді қақ бөліп өткіздік. Перғауынның әскерлері зұлымдық ету үшін олардың (жарылған теңізде) артынан келді. Перғауын теңізде тұншыққанында «Исраилұлдары сенген Аллаһтан басқа тәңірдің жоқтығына иман еттім, мен де мұсылман болдым» деді. Оған «енді сендің бе, бұдан бұрын қарсы шығушы, қырып-жоюшы едің» делінді. (Теңізге тұншыққан перғауынға Аллаһу та’ала былай бұйырды:) Сенен кейінгілерге ғибрат болу үшін, бүгін сенің (теңіздегі) денеңді (шірітпей) шығарып (жағаға) тастаймыз. Әйтсе де адамдардың көбі аяттарымыздан ғапыл.” (Юнус сүресі 90-92 аят) 
      Мұса алейһиссалам перғауынды дінге шақырды. Перғауын қабыл етпеді. Жанындағы хаманнан (уәзірінен) сұрады. Ол: «Мұса үлкен сиқыршы. Бізді алдап елімізді қолымыздан тартып алмақшы» деді. Осылай перғауынның иман етуіне кедергі болды және әйелі Асияның шәһид болуына себепші болды.
    Перғауын Мұса алейһиссаламның муғжизаларын көргенде қорқты. Мұса алейһиссаламмен оған сенгендердің Мысырдан кетуіне рұқсат берді. Кейін перғауын рұқсат бергеніне өкініп әскерлерімен арттарынан қуды. Теңізден жолдар ашылып Мұса алейһиссаламмен Исраилұлдары теңізге кірді. Артына түскен перғауынмен әскерлері Қызылтеңіздің Суейш бөлігіне келгенінде теңіз жабылып тұншыға бастады. Бұл жағдайға түскен перғауын дереу сәждеге жығылып иман еттім дегенімен тұншығып әскерлерімен бірге өлді. 
      Перғауынның жансыз денесі қаншама ғасыр теңізде болғанымен Аллаһу та’аланың құдіретімен шірімеді. Аятта білдірілгеніндей денесі 3000 жылдан кейін жағаға шықты. Табылған денесі Англияға алып кетілді.