Екі адамдық армия

       
/upd/2015/1130/1448878798565c22ce9ffbc3.70043739.jpg       1912 жыл Ағылшындар Үндістанды жаулап алады. Үндістан патшасы Османдықтардан көмек сұрайды. Осман мемлекеті 350 адамдық әскерді кемемен Үндістанға жібереді. 20 шақты адам жолда ауырып шахид болады, 40 шақты адам тұтқынға түседі, қалғандары соғыста шахид болады. Тұтқындарды ағылшындар кемелерде жұмыс істете бастайды. Кеме Австралияда тұрғанда екі Османдық әскер жолын тауып кемеден қашып кетеді. Уақыт өтуімен Австралияның Сиднейге жақын бір елді мекенінде Қаратеңіз аймағынан болған Ментешұлы Абдуллаһ, әкесінен мирас қалған кәсібі балмұздақ өндіруді бастайды. Карахисар аймағынан болған Тарақшыұлы Мехмет те әкеден қалған кәсібі бойынша қасапшылыққа кіріседі. 
     1918 ж Австралия үкіметі еуропа елдерінің Османлы мемлекетіне қарсы бастаған Галлиполи соғысында Чанаккале қорғанына қарай әскерлерін жібереді. Мұны естіген екі Османдық әскер кездесіп “Австралия мемлекеті Осман дәулетіне соғыс ашып біздің өлкемізді жаулап алуға шығыпты, осыған орай біз де Австралия мемлекетіне соғыс ашайық” деген шешімге келіп Австралия үкіметіне мынадай хат жазады:
     “Еліміз Осман мемлекетіне Австралия мемлекті ретінде соғыс ашқандарыңды естідік. Біз де Осман әскерлері ретінде Австралия мемлекетіне соғыс аштық. Бұл Османдықтардың соғыс жарлығы.”
     Сиднейден 250 км ұзақтықта Қарлытаулар деп аталатын аймақта алдымен теміржол рельстерін шешіп 3 поезді аударады және үшінші поезден әскери жабдықтар тауып қаруланады. Кейін сол аймаққа 8 жерден күзет қойылады. Олар күзеттегі әскерлерді түгелдей қырып салады. Бұл оқиғаларды түсінбей шешімін таба алмаған Австралия үкіметі соңында 2 Османдықтың хат жіберген аймағына 250 әскер жібереді. Бірнеше күндік іздеулерден кейін қызу соғыс болып екі Османдық әскер осы Қарлытауларда шәһит болады. Бұл әскерлердің мазары қазір Қарлытауларда және мазарларын сүретке түсіруге тыйым салынған. Австралиялықтар “Екі Османдық әскерімен соғыстық” деп айтуға қиналғандықтан, бұл әскерлерді “Үндістан текті әскерлер” деп атаған. Алайда Үндістан жерінде мазартастарында жазылғанындай Қаратеңіз өлкесі, Карахисар өлкесі деп аталатын ешқандай мекен жоқ. 
        Бұл мәліметтер Үндістан елшілігінің жазбаларынан алынған.