Алтын күз. Сүттің пайдасы. Туған жерге арнау

/upd/2018/0105/15151651495a4f95dd540c29.50137849.gif

Жазда бітті тез
Келді міне алтын күз. 
Киінеміз қалың біз,
Суық болады енді күз.
Жазда еккен егінді 
Жинап алдық бәрін біз,
Жаңа піскен жеміс қой, 
Қалай жемей тұрармыз.

Ботагөз Нұрмуханбетова 9 жас
Семей қаласы

Сүттің пайдасы
Дастарханнан кетпесін
Ірімшігің құрт, майың.
Айран, сүтті ішіп жүр,
Денсаулығың байлағың.

Хадиша Саут
3-сынып оқушысы
Үшқоңыр ауылы

Туған жерге арнау
Өлең жазам деп талпынды жас балаң,
Қолына алғаш қалам алған жас балаң,
Жүрегімнің түкпірінен шығарып
Жыр шашамын саған болған бір арман

Ауғанбаева Анель 10 жас
ШҚО Күршім ауданы,
Алғабас ауылы