Ұстазым

/upd/2018/0105/15151679645a4fa0dcadfaa1.38089173.jpg

 Ұстазым менің, қамқоршы анамдайсың,
Бар білімді шәкірттен аянбайсың.
Білсін, көрсін, үйренсін деп әрқашан,
 Оқушыға балаңдай бір қарайлайсың.
Алғыс айтам бір өзіңе мәңгілік,
Жүрегімде атың тұрар жаңғырып.
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қашанда жырға қосам ән қылып.
Ұстаз жайлы жазылмаған жыр бар ма?
 Ұстаз жайлы шырқалмаған ән бар ма?
Бар бақыт тек ұстаздан деп білетін,
Мәңгілікке сыйлап өтер жан бар ма?

Жанарбек Жадыра 16 жас
Алматы қаласы

Ұстазым
Ұстазым ардақтысың, аяулысың
Мектептегі екінші анам бір өзіңсің.
Мен сізді аялап сыйлап өтем,
Шаршап талмай білім берген
Сіздей ұстаз болғанына шүкір етем
Ұстаз деген ардақты ғажап есім
Мектептегі екінші анам ұстаз дерсің
Осы бір ұлағатты ұстаздарға
Білім беріп жүргеніне алғыс айтамын.

Айболат Камшат 12 жас 
Атырау қаласы, Ганюшкин селосы

Алтын ұя мектебім
Алтын ұя мектебім,
Сенде жүріп көктедім.
Сенен алған білімім,
Ертеңгіге көп менің.
Сенен алған білімім, 
Маған көптік етпейді.
Алтын ұя мектебім,
Сенен кеткім келмейді.

Тұрғанбай Гүлназ 13 жас
Жаңақорған ауданы