Мұса Шорманұлының 200 жылдығына арнау

Қаншама өткен бұл жерде ғұламалар,
Тарихта тағылымдай тұрады олар.
Әр ізі өнеге боп қалды бізге,
Тіріліп келмесе де, бірақ олар.
 
Теңдіктің тектілермен бар бағасы,
Соншалық құдіретіне таң қаласың!
Өмірге әкеп  Мұсаны құндақтаған,
«Сүйіншілеп» Сарыарқа сары даласы.
 
Танытқан жастайынан зеректігін,
Ұғынған өнер-білім керектігін.
Әкесі ұлағатты жол көрсетіп,
Қыран құстай баптаған бөлек ұлын.
 
Сұлтан боп, билік айткан он үшінде,
Даналығын танытқан топ ішінде.
Медресе салғызып ауылына,
Білімге құштар болған әр ісінде.
 
Қазақтың ол кездегі көп өрені,
Мұсаның қамқорына бөленеді.
Омбыдан үй салдырып, мектеп ашып,
Еліне еңбегі зор, ерен еді.
 
Ел берген Мырза атына лайықты адам,
Жүсіптің алғырлығын байыптаған.
«Тіл көзден сақтасын деп» бата беріп,
Жүсіпке «Мәшһүр» атын лайықтаған.
 
Есімі тарихта тұр дараланып,
Соқпағы мұра болып қалары анық.
Мұса мырза салдырған сол мешітте,
Ұрпағы жүр сап түзеп, сауап алып.
 
Әйгілі билігі мен шешендігі,
Бір туар дара тұлға көсемдігі.
Аңыз болып тарихта мәңгі қалар,
Қарадан хан боп туған тектілігі.

 Егінбай Карима
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы