Аккa қорғаны

    Францияның императоры Наполеонның нысанасы Мысыр еді. Франция әскері 1798 жылы 450 бөліктен тұратын әскери-теңіз флотымен келіп, Александрияның алдынан 60 мың адаммен Мысырға қарай беттеді. Наполеон Газаға, ол жерден де Палестинаға қарай ілгерлей бастады. Акка қорғанының алдына жетіп, 18 наурыз 1799 жұма күні шабуылға кірісті. Бекіністің қорғанысын Жаззар Ахмет Паша басқарды. Напалеонның әр бір шабуылына тойтарыс беріліп, үлкен шығындармен нәтижеленді. Жеңімпаз (жеңілмес) деген атақтың иесі Наполеон, қорғанды ала алмағаннан кейін 21 мамырда, әскерінің жартысын жоғалтқан күйде кері шегінуге мәжбүр болды.