Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек

/upd/2016/0609/146545321957590aa38a2b56.34622049.jpg

»Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
»Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
»Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
»Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
»Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.
Деніміздің саулығы үшін
»Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді  қоректену керек.
»Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ерте жатып ерте тұру керек.
»Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.
»Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек.
»Терлеп тұрып су ішпеу керек.
»Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек.
»Темекі және алкаголь сияқты зиянды заттардан алыс тұру керек.
»Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.
Апатқа себеп болатындар:
»Сіріңке сияқты өртейтін, қайшы сияқты өткір заттардан алыс тұру керек.
»Электрлі розеткалармен ойнамау керек.
»Жолдың үстінде ойнамау және велосипед теппеу керек.
»Машиналардың терезелеріне асылмау керек.