Практикалық мәлімет

/upd/2015/0825/144049148955dc27e1efa6f0.52593383.jpg

♦ Бір-бірінің үстіне килігіп тұрған стакандар жабысып қалған жағдайда ең үстіндегі стаканға мұз салынса, сәлден кейін оңай алынады.
♦ Мақталы киімдердің созылып кетпеуі үшін бірінші рет жуған кезде бір түн бойы суық суға салып қойып кейін жуылады.
♦ Жаңғақтың қабықтары оңай ашылуы үшін бір түн бойы тұзды суға салынады.
♦ Картоптардың бүршіктенуінің алдын алу үшін арасына бір дана алма салынса 8 аптаға дейін сақталады.
♦Сырды оңай үккіштен (терка) өткізу үшін 15 минут мұздатқышқа қою керек.
♦ Печеньелер жұмсарып қалса бірнеше минутқа пешкеге қойылады.
♦ Томат пастасы (соус) тым қышқыл болса, арасына бір сәбіз үккіштен өткізіліп салынады.
♦ Пісірілетін сәбіздердің түстерін жоғалтпауы үшін аздап лимон суы немесе шекер салынады.
♦ Пияз, сарымсақ тураудан алдын саусақтарға лимон суы жағылса иістерінен құтылады.
♦ Сырмалы киімдерді кір жуатын машинаға салудан алдын сырмалары жабылады.
♦Қуыратын кезде майдың иісі үйдің барлық жағына жайылмауы үшін майға 1-2 бұтақ ақжелек (петрушка) салынады.
♦ Пирог жасағанда пісерінде қамыры шөкпеуі үшін, пешке салмастан бұрын 20 минуттай қамырды қалыбында ұстау керек. 
♦ Кивилер қатты және шикі болса, бір түнге алма және алмұрттармен бірге целлофанды пакетке салып қойылады.