Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні!

   1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні —  жыл сайын аталып өтетін еліміздегі мемлекеттік мейрам. Бұл күнді атап өту елбасы — Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

Тұңғыш президент күні – 2011 жылы 10 желтоқсанда қабылданған мемлекеттік мереке. Елміздің сындарлы сәттері, 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет бүкілхалықтық сайлау жолымен – Егеменді Қазақстанның Президенті сайланды.

Бұл мереке – 1991-2011 жылдар аралығында тәуелсіздік тарихының алғашқы 20 жылдығындағы ҚР Тұңғыш Президентінің ерен еңбегіне құрмет ретінде енді.