Жасушаның құрылысы

  жасуша    Алғашқы жанды зат протоплазма болып табылады. Протоплазма пластикалық яғни балшық күйінде болады. Сырттан қаралғанда бұлдыр болып көрінеді. Жұмыртқа сарысының ортасындағы күңгірт дақ, балапанның протоплазмасы болып табылады. Протоплазма әр түрлі механикалық қондырғылардан құралған құрылым және осы арқылы жұмыс істейтін жанды құрылыс. Мысалы бір қол сағатты мыңдаған есе кішірейтіп елестетіп көрейік. Әуелі бір арпаның көлеміндей деп ойлайық, кейін құмдай, кейін шаң және соңында көрінбейтін бір халде деп ойлап көрейік. Көз алдымызға нүктедей кішірейіп көрінген сағатты, микроскоппен көрдік деп ойлайтын болсақ, кейін бұны мыңдаған есе үлкейткенде ешбір жері өзгермеген халде көреміз. Міне протоплазма да осылай, яғни өте кішкентай және керемет тәртіп, жүйелікпен жасалған механизм. Протоплазманың жартысынан көп бөлігі судан құралған, яғни Аллаһу та’ала жандыларды судан жаратқан. Бұл су таза емес және әртүрлі тұздардың ерітіндісі. Бұл әртүрлі тұздардың әртүрлі міндеттері бар. Электр тогын өткізеді, осмостық қысым жасап протоплазманы бос ұстайды. Ерітіндідегі шекер жанып (қорытылып) бұл механизмнің энергиясын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде белгілі міндеттеріне қарай топтасқан микроскопиялық бөлшектер халінде болады. Бұл топтасқан бөлшектерге жасуша деп айтамыз. Жасуша – өмірдің алғашқы жеке бөлшегі болып табылады. Жанды заттардың барлығы жасушалардан құралған. Бір бидай масағы жасуша мұнарасы, кішкентай жануарлар жасуша сарайы, ал адам үлкен бір жасуша қаласы деген сөз. Бір жасушаның ені орташа 0,02 мм. Бір қанттың ішінде 250 миллион жасуша өмір сүре алады. Адамның денесінде орташа 30 триллион жасуша бар. Бұлар жарық және жылу толқындарын алады. Осы жолмен алған күш-қуаттарымен жұмыс істейді.