Құлағымыз қалай естиді?

/upd/2015/0824/144043440155db48e18887d4.18523917.jpg     Есту органының сырттан көрінетін жалғыз бөлімі болған құлақ қалқаны, келген дыбыстарды жинап, сыртқы құлақ жолына жібереді. Шамамен 2,5 см ұзындықтағы бұл жолдың соңында «дабыл жарғақ» деп аталатын жұқа және керулі бір перде болады. Бұл пердеге ұрылған дыбыс толқындарынан пайда болған тербелістер ортаңғы құлақтағы балғашық, төсше, үзеңгі және жасымық атты төрт сүйекше тарапынан одан да күшейтілген түрде, ішкі құлаққа жеткізіледі. Ішкі құлақта «құлақтың құрышы» деп аталатын іші сұйықтықпен толы бір айналмалы жол бар. Құлақтың құрышындағы айналмалы каналдарда «кортий мүшесі» деп аталатын жіңішке, талшықты жасушалар болады. Миға баратын есту нервтерінің жіңішке ұштары осы жасушаларға байланған. 
  Орта құлақтағы төрт кішкентай сүйекшелердің жеткізген дыбыс тербелістері осы бөлімге (құлақ құрышына) жеткенде құлақтың құрышындағы каналдардағы сұйықтық шайқала бастайды. Бұл әрекет каналдардағы кортий мүшесін тербеліске түсіреді. Кортий мүшесінің талшықтары бұл тербелістің нәтижесінде толқындалып нерв ұштарын тітіркендіреді және бұл тітіркену электр импульсі күйінде мидың есту орталығына жеткізілгенде, дыбыс түсінілетін халге келеді.