Білім, оқу

Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.

Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.

Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.

Күш - білімде, білім - кітапта.

Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.

Білім арзан, білу қымбат.

Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.

Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.

Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.

Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

1 2 3 4